КСРО халық әртісі, баритон дауысты опера және эстрада әншісі әрі композитор Мүсілім Магомаевтың туғанына биыл 80 жыл. Әзірбайжан халқының мақтанышы Мүсілім Магомедұлы – Бақы (Баку) консерваториясының 1968 жылғы түлегі. Ол 1969 жылы Сопот фестивалінің бірінші жүлдесіне қол жеткізсе, ал 1969, 1970 жылдары Канн фестивалінде «Алтын күйтабақ» иегері атанған.

Табиғи дарыны һәм жоғары дәрежелі орындаушылық шеберлігімен кезінде халықтың зор қошеметіне бөленген М.Магомаевтың биылғы мерейтойына орай посткеңестік кеңістікте оның репертуарындағы әндерден концерттер ұйымдастырылуда. Осындай өнер кештерінің бірі Батыс Қазақстанның баритон дауысты әншісі Айбар Қайырхановтың ұйытқы болуымен 26 сәуір күні Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында өтеді. Аталмыш шараға қатысты негізгі мәліметтерді оң жақтағы афишадан оқи аласыз.
zhaikpress.kz