25.02.2021, 16:56
Оқылды: 351

Мусина мектебі ашылады

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Жансая Мусинаның өнер мектебі ашылмақ. Бұл туралы бізге аталған орталықтың директоры Бауыржан Халиолла мәлім етті.

C6BF09C0-6A04-4434-84B8-FE76C23D2BDA

– Жаһанданудың жастарға тигізер кері әсері көп. Ұялы телефонға үңіліп, компьютердің қасында уақыт өткізетіндерге тойтарыс беру үшін бұл мектептің септігі зор болатындығына сенімдімін, – дейді ол.

Ал Жансаяның өзі өнер мектебінің ашылуына Қадыр Мырза Әли атындағы орталық ұжымының дәнекерлік танытып, қолдап отырғанын айтады.

– Мектеп ашу жөнінде өзіме ұсыныс түскенде қатты толқыдым. Алдағы уақытта жас жеткіншектер тәрбиесі мен ұлт мүддесіне қызмет етуге бойымдағы бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсайтын боламын, – дейді Жансая Мусина.

Таяуда ашылатын Мусина мектебі жас жеткіншектерді ақындық пен айтыс өнеріне, сөйлеу және жазу мәдениетіне, көркемсөз бен мәнерлеп оқуға баулу бағытында қызмет атқармақ. Сонымен бірге аталған мектепте дәстүрлі әуен, мақам, әуез, ырғақ саздар насихатталып, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар жөнінде дәрістер оқылады.

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Сурет  inform.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале