Қазақстандық боксшылар Италиядағы лицензиялық турнирдің алғашқы айналымынан сәтті өтуде, деп жазады Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
63,5 келіде өнер көрсететін Мұхамедсабыр Базарбайұлы да бірінші кездесуінде еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Ол Тринидад пен Тобаго өкілі Донелл Филиппен кездескен болатын. Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының басымдығымен өтті.
Енді Базарбайұлы 7 наурызда шаршы алаңға шығады.