6.03.2024, 10:45
Оқылды: 141

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшылар Италиядағы лицензиялық турнирдің алғашқы айналымынан сәтті өтуде, деп жазады Olympic.kz. 

1709668745

Фото: olympic.kz

63,5 келіде өнер көрсететін Мұхамедсабыр Базарбайұлы да бірінші кездесуінде еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Ол Тринидад пен Тобаго өкілі Донелл Филиппен кездескен болатын. Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының басымдығымен өтті.

Енді Базарбайұлы 7 наурызда шаршы алаңға шығады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале