6.12.2021, 15:10
Оқылды: 8

Мұхаммед Әлидің немересі рингке шықпақ

Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің ізін қуған немересі бар

067d8e4f9ca38f9598e13bc6d305894c_resize_w_742_h_365

12 желтоқсанға қараған түні Нью-Йоркте бокс кеші өтеді, оның басты оқиғасы украиналық Василий Ломаченко мен ганалық Ричард Комми арасындағы жекпе-жек болмақ.

Бокс кеші аясында Мұхаммед Әлидің немересі – Нико Али Уолшке Рейес Санчес қарсы шығады, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ричард Комми Теофимо Лопеспен айқасып, IBF нұсқасы бойынша белбеуінен айырылып қалған болатын.

Бір қызығы, Ломаченко бұған дейінгі кездесуін Лопестің бұрынғы қарсыласымен өткізген еді. Маусым айында болған жекпе-жекте Василий Ломаченко Масаёси Накатаниді сүріндірді.

Украиналық боксшының есебінде 15 жеңіс (11 нокаутпен) және 2 жеңіліс бар. Ал ганалық 30 рет қарсыласынан басым түссе (27 КО), үш кездесуінде сүрінген.

 NEGE.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале