23.09.2024, 17:45
Оқылды: 43

«Mықтылар турнирі»: әйелдер боксынан Қарағандыдағы жарысқа 70 спортшы қатысады

Ертең Қарағандыда бокстан әйелдер арасындағы «Мықтылар турнирі» басталады, деп жазады Olympic.kz. 

3347EECE-B5A6-4605-993D-9A6032A5E05E

Сурет: Olympic.kz

Кеше «Мықтылар турнирінің» техникалық жиыны және жеребе тарту рәсімі өтті. 

Жарысқа жалпы саны 70 боксшы тіркелген. Олар еліміздің барлық аймағынан және Ресейден қатысады. 

Қарағандыдағы турнирдің басты ерекшелігі – әйелдер боксы бәсекесінің алғаш рет арнайы бас киімсіз өтуінде. Оған қоса бапкерлік кеңес дәл осы жарыста Азия чемпионатына қатысатын боксшыларды қарастырады.

Турнирге Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай қатыспайтынын естеріңізге саламыз. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале