28.02.2023, 7:41
Оқылды: 44

Мықтылығын танытты

Ақпанның 22-сі мен 28-і аралығында еліміздің жас шаңғышылары Қостанай қаласында бас қосып, ел чемпионатының жүлделерін сарапқа салды. Жарысқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан келген 312 спортшы қатысты.

WhatsApp Image 2023-02-27 at 19.13.44

23 ақпан күні шаңғышылар еркін әдіс бойынша жарыс жолына шықты. Бұл сында облыс намысын қорғаған бөрлілік спортшы еркін әдіспен 5 км қашықтыққа жүгіруде. Мәдина Жақсылыкова үздік атанса, одан соң жарыс жолына шыққан кіші топтағы спортшылар жарысында тағы бір бөрлілік жас шаңғышы 3 км қашықтықта Жанерке Тудахунова алдына жан салмай, чемпион атанды. Жарыстың екінші күні ер балалар 1600 метрге спринт қашықтығында кім мықтыны анықтады.

WhatsApp Image 2023-02-27 at 19.13.43 (1)

Бұл жарыста ересек топтағы ер балалар бәсекесінде бәйтеректік Еділбек Елубаевқа ілесер жан болмады. Ел чемпионатының үшінші жарыс күнінде де Батыс Қазақстандық спортшылар намысты қолдан бермеді. Алдымен қыз балалар арасында 1200 метр спринт қашықтығына шыққан Мәдина Жақсылықова өз мықтылығын тағы бір дәлелдеп, бірінші орыннан көрінсе, кіші топтағы спринтерлер жарысында Жанерке Тудахунова үздік шықты.

WhatsApp Image 2023-02-27 at 19.13.44 (1)

Одан кейінгі жарыс күні шаңғышылар классика әдісінде кім мықты екенін анықтады. Бұл сынды бірінші болып бастаған 3 км қашықтыққа Мәдина Жақсылыкова өзінің мықтылығын тағы дәлелдесе, командалас апасының жеңісті жолын 3 км жүгіруде Жанерке Тудахунова жалғап, тағы да чемпион атанды.

WhatsApp Image 2023-02-27 at 19.13.45
Қарындастары салған жеңіс жолын Еділбек Елубаев та жалғады. 7,5 шақырым жолды классикалық әдіспен жүріп өткен Еділбек бұл жолы күміс медаль иегері атанды.
Осылайша облыстың жас шаңғышылары 7 алтын, 1 күміс медальмен жарысты қортындылады. Еліміздегі шаңғы саласының мамандары өңір спортшыларының қарқынына үздік баға берді. Ал бөрлілік бапкер Ислам Сагиналиевтен тәлім алатын Жанерке мен Мәдина еліміздің абсолютты чемпиондары атанды. Тәуелсіздік алғалы облыс шаңғышылары мұндай жетістікке жетіп көрмеді.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале