Егер сіз жаңбыр жауып өткеннен кейін Оралдағы «Ақжайық» стадионына футбол көруге барсаңыз осындай көрініске куә боласыз.
Өзім жауыннан кейін бірді-екілі «Ақжайық» командасының «үйдегі» ойынын көруге барып, мынандай «көлшік-шалшық-балшық» жағдайындағы орындыққа қалай жайғасарымды білмей дал болдым. Өз командасы үшін өзге шаруаның бәрін жиып қойып, алыпұшып барған жанкүйердің көңіл күйі мынандай отырғыштарды көргеннен кейін қандай болмақ?!
Бауыржан Әлжан