24.09.2021, 16:03
Оқылды: 86

Мысыр туристер үшін екі көрікті орынды қайта ашады

Мысыр билігі туристер үшін екі археологиялық орын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Тourprom.ru порталы жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

 9

Туристер үшін Луксор мен Карнак ғибадатханалары арасындағы сфинкс аллеясы, сондай-ақ Үлкен Каирдің солтүстігіндегі Шубра аймағындағы Мұхаммед Әли сарайы және сарай алдындағы туристік айлақ қолжетімді болады.

Көрнекті орындар саяхатшылар үшін 2021 жылдың соңында ашылады.

Елдің туризм министрі Халед Әл-Ананидің айтуынша, ежелгі ескерткіштердің ашылуы "коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыстан зардап шеккен Жоғарғы Мысыр провинцияларында мәдени туризмді ынталандыруға" бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Мысырдың ежелгі көрікті жерлерінің бірі – Саккара пирамидасындағы перғауын Джосердің 4700 жылдық оңтүстік қабірі туристер үшін қайта ашылатыны белгілі болды.

 

Kaz.tengritravel.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале