Мысыр билігі туристер үшін екі археологиялық орын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Тourprom.ru порталы жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Туристер үшін Луксор мен Карнак ғибадатханалары арасындағы сфинкс аллеясы, сондай-ақ Үлкен Каирдің солтүстігіндегі Шубра аймағындағы Мұхаммед Әли сарайы және сарай алдындағы туристік айлақ қолжетімді болады.
Көрнекті орындар саяхатшылар үшін 2021 жылдың соңында ашылады.
Елдің туризм министрі Халед Әл-Ананидің айтуынша, ежелгі ескерткіштердің ашылуы "коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыстан зардап шеккен Жоғарғы Мысыр провинцияларында мәдени туризмді ынталандыруға" бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін Мысырдың ежелгі көрікті жерлерінің бірі – Саккара пирамидасындағы перғауын Джосердің 4700 жылдық оңтүстік қабірі туристер үшін қайта ашылатыны белгілі болды.
Kaz.tengritravel.kz
16:309.01.2023
Тайланд туристер үшін толық вакцинация ережесін алып тастады
17:3021.12.2022
Италиядағы танымал субұрқақта туристер бір жылда миллион еуро тастаған
14:3014.11.2022
Австрияда әуе шарымен ұшу кезінде тоғыз адам зардап шекті
14:5923.09.2022
Әлемдегі екінші үлкен ел туристерге шекарасын ашуды жоспарлап отыр
9.01.2023, 16:30
21.12.2022, 17:30
14.11.2022, 14:30
23.09.2022, 14:59