30.01.2022, 15:40
Оқылды: 66

NASA мұхит түбінің құпиясын зерттеуді көздеп отыр

NASA мұхиттардың аз зерттелген, құпияға толы тереңдіктерін зерттеуді қолға алмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС- ге сілтеме жасап.

220130003655165e

Айта кетер болсақ, Дүниежүзілік мұхит жер бетінің 70%-дан астамын алып жатыр және ғалымдардың айтуынша, 80%-ы зерттелмеген.

АҚШ ғарыш агенттігі бұл бағытта екі мәселеге баса назар аударуды көздеп отыр. Басқа ғаламшарларда бар мұхиттардың табиғатын түсіну және экстремалды жағдайларда жұмыс істеу технологияларын әзірлеу. Әрине, бұл тосын оқиғалар мен қауіптерге толы.

Мұхиттың тереңдігі мен ғарыш кеңістігінде ортақ нәрсе бар. Ол мұхит түбі мен күн жүйесіндегі кейбір планеталарда кездесетін ұқсастықтар.

Бес шақырымнан астам тереңдіктегі мұхит қол жетпейтін тұңғиық болып саналады.

Дүниежүзілік мұхиттың максималды тереңдігі 11022. Бұл жер 1951 жылы оны ашқан британдық зерттеу кемесі құрметіне «Челленджер тереңдігі» деп те аталады.

Әзірге мұндай тереңдікке сүңгуге қабілетті құрылғылар санаулы ғана болып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале