6.03.2024, 17:09
Оқылды: 46

Наурыз айындағы мереке күндері ХҚКО жұмыс істей ме?

8 наурызды мерекелеуге байланысты бұл күні Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

WhatsApp Image 2024-03-06 at 12.34.42

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан

Наурыз мерекесінде яғни 21-25 наурыз күндері де орталықтар азаматтарды қабылдамайды. Дегенмен кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз күні және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайын корпорацияның instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале