13.05.2024, 12:30
Оқылды: 56

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы»: 10 мамырдағы жағдай бойынша 17 мыңнан астам өтінім берілді

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдер 25 сәуірден бастап қабылданып жатыр. Өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова хабарлады.

ЖП ДОМ (4)

«10 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтар барлығы 17 432 өтінім жолдады. Оның ішінде 8 945 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы – 3955 өтінім тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен түскен. Бұл көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар. Гендерлік бөліністе қарайтын болсақ, өтінімдер арасында 57% әйелдер жолдаған. Барлық өтініш берушілердің 62% 35 жасқа дейінгі жастар. Ең жас үміткер – Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны», - деді спикер.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале