Жоғары аудиторлық палата Назарбаев зияткерлік мектептеріне 2019-2023 жылдары бөлінген бюджет қаражатын тексерді. Төрт жылға 250 млрд теңге бөлінген, оның 16,4 млрд теңгесі игерілмеген. Бұл туралы Qazaqstantv жазды.
Сурет: Ұлттық арна
Банк шоттарында жыл сайын 27-ден 55 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде қаржы жинақталған. Аудиторлар 8 млрд теңгенің іс жүзінде жүргізілмеген іс-шараға жоспарланғанын анықтады.
– Ұлытау облысының бүкіл бюджетін құрайтын қаражат осы бес жылдан аз уақыт ішінде Назарбаев зияткерлік мектептеріне бөлінген. Оның ішінде 22 млрд теңгеден астамы тәжірибені таратуға қаралған. Статистиканы қалай қарасақ та, өкінішке қарай, айтарлықтай өзгеріс жоқ. Оның үстіне, бұл тіпті мемлекеттік жоспарлау жүйесі аясында да қамтылмаған», - деді Әлихан Смайылов.
Жалпы мемлекеттік аудит 274,4 млн теңге қаржыны игеруде заңбұзушылық болғанын анықтады.