26.08.2022, 12:30
Оқылды: 43

Нейрохирургиялық ота жасалды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында нейрохирургиялық ота жасалды.
0

Ақжайық аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне Ақжайық ауданының тұрғыны 64 жастағы ер адам медициналық көмекке жүгінген. Науқасты бас ауруы, оң жақ аяқ-қолының әлсіздігі, сөйлеу қабілетінің бұзылуы, жалпы әлсіздік, жүргенде тұрақсыздық, сананың шатасуы түріндегі санасының нашарлауы, мінез-құлқының бұзылуы және ұйқысы бұзылғандығы мазалаған. Әйелінің айтуынша, ер адам 10 күн бұрын тұрмыстық жарақат алып, биіктен құлаған. Алайда ол сол кезде медициналық көмекке жүгінбеген.

Түскеннен кейін кезекші хирург, невропатологқа қаралды. Алғашқы көмек көрсетілді. Бас сүйегінің, мойын омыртқасының және кеуде қуысының компьютерлік томографиясы жасалды. Барлық диагностикалық, зертханалық тексерулерден кейін жедел түрде хирургия бөліміне жатқызылды. Диагноз: травматикалық субдуралды миға қан кету, жабық бас сүйек-ми жарақаты, орташа ауырлықтағы бас миының жарақаты, бас сүйектерінің сынуы, сол жақ самай-желке бөліктерінің субдуралды гематомасы.

Науқасқа сол жақта бас сүйегінің декомпрессивті трепанациясы (ДТҚТ) отасы жасалды: ми қабықтарының диссекциясы, субдуралды гематоманы жою, субдуралды кеңістікті дренаждау. Ота 1 сағатқа созылды. Отаны нейрохирург Серік Наурызбайұлы Ерниязов пен анестезиолог Мұрат Болатбекұлы Социалов жасады.

Жасалған ота нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Санасы анық, координация, уақыт пен кеңістіктегі бағдарлану қалыпты. Шағымдары жоқ.

Осылайша, дер кезінде жасалған операцияның арқасында гемиплегия, оң қол және аяқ парезімен түскен науқас толыққанды өмірге оралды. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасалды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның

БҚО бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале