3.10.2023, 16:30
Оқылды: 56

Немересі әжесінен 7 миллион теңгеден аса ақша ұрлап кеткен

Қарағандыда немересі әжесінен 7 миллион теңгеден аса ақша ұрлап кеткен, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖП ақша

Қаланың оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Зейнеткер белгісіз біреу пәтерге кіріп, 7 миллион 180 мың теңге ұрлап кеткенін айтқан. Оқиға орнын тексеру кезінде полицейлер екі жағдайға назар аударған: үйдің есігі бұзылмаған, екіншіден, пәтер шашылмаған. Яғни шабуылдаушы жәбірленушінің ақшасы қай жерде екенін білген. Бұл деректер күдіктіні жәбірленуші жақсы білетін адамдар арасынан іздеуге болатынын көрсеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция күдіктіні - жәбірленушінің немересін, яғни 23 жастағы ер адамды ұстады. Ол істеген ісін мойындады. Ұрланған ақша тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Ж. Қадыржанова,

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале