Қарағандыда немересі әжесінен 7 миллион теңгеден аса ақша ұрлап кеткен, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаланың оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Зейнеткер белгісіз біреу пәтерге кіріп, 7 миллион 180 мың теңге ұрлап кеткенін айтқан. Оқиға орнын тексеру кезінде полицейлер екі жағдайға назар аударған: үйдің есігі бұзылмаған, екіншіден, пәтер шашылмаған. Яғни шабуылдаушы жәбірленушінің ақшасы қай жерде екенін білген. Бұл деректер күдіктіні жәбірленуші жақсы білетін адамдар арасынан іздеуге болатынын көрсеткен.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция күдіктіні - жәбірленушінің немересін, яғни 23 жастағы ер адамды ұстады. Ол істеген ісін мойындады. Ұрланған ақша тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Ж. Қадыржанова,
massaget.kz
9:155.12.2023
Төрт баланың әкесі: «Әйелімді көлікпен қағып өлтіріп, жайбарақат таксиге отырып кетті»
15:454.12.2023
Әскери қызметші әріптесін атып өлтірді
12:004.12.2023
ІІМ жыныстық сипаттағы қызмет көрсететін притондарға қатысты ауқымды тексеру жүргізіп жатыр
9:151.12.2023
БҚО тұрғыны 600 доза есірткімен ұсталды
5.12.2023, 9:15
4.12.2023, 15:45
4.12.2023, 12:00
1.12.2023, 9:15