Непалда алты адамы бар тікұшақ Эверест маңында жоғалып кетті, деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
pixabay.com/Schäferle
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Солухумбу ауданынан Катмандуға бет алған Manang Air тікұшағы сейсенбіде ұшып шыққаннан кейін 15 минуттан соң байланыс үзілген.
Үкіметтегі дереккөз мәліметінше, тікұшақта бес шетелдік турист және непалдық ұшқыш болған.
Ресми өкілдердің мәліметінше, жоғалған ұшақты іздестіру жұмыстары жүріп жатыр екен.