12.07.2023, 12:14
Оқылды: 135

Непалда туристер мінген тікұшақ Эверестте жоғалып кетті

Непалда алты адамы бар тікұшақ Эверест маңында жоғалып кетті, деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

807971a3-e869-4b7d-a826-aaf9d301e9f2

 pixabay.com/Schäferle

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Солухумбу ауданынан Катмандуға бет алған Manang Air тікұшағы сейсенбіде ұшып шыққаннан кейін 15 минуттан соң байланыс үзілген.

Үкіметтегі дереккөз мәліметінше, тікұшақта бес шетелдік турист және непалдық ұшқыш болған.

Ресми өкілдердің мәліметінше, жоғалған ұшақты іздестіру жұмыстары жүріп жатыр екен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале