Бүгін NIS ұжымы Денсаулық күнін төрт нысанда ұйымдастырды. Оқушылар, ата-аналар және педагогтер қауымы мектеп алаңында, «Атамекен», «Мечта» демалыс орындарында, сондай-ақ «Setsail» демалыс кешенінде салауатты өмір салтын насихаттап, атаулы күнді айрықша өткізді.
7, 8-сыныптар үшін спорттық алаңда қозғалмалы және зияткерлік ойындар ұйымдастырылса, 9-сыныптарға волейбол мен футболдан турнир өтті.
Ал, 10-сыныптар арасында туристер сайысы көрігін қыздырып, 11-сынып оқушылары сауықтыру-спорттық шаралары мен денсаулық сағатымен бой сергітті. Сонымен бірге 12-сыныптар тимбилдинг ұйымдастырды.
Шара соңында үздік командалар, қатарынан оза шапқан оқушылар анықталып, жүлделі орындар мен номинация иегерлері анықталды.
Денсаулық күніне ерекше ден қойған мектеп ұжымы балалардың спортпен шынығуына, оқушы-ұстаз-ата-аналар үштігінің ұйымшылдығын арттыруға баса мән береді.
Мөлдір Латифова,
Орал қаласы физика-математика бағытындағы НЗМ-ның баспасөз-хатшысы