18.06.2023, 14:20
Оқылды: 346

NIS оқушысы экономикадан әлемдік олимпиадаға барады

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрдәулет Хайдар экономикадан халықаралық олимпиадада ел намысын қорғайды.

WhatsApp Image 2023-06-18 at 10.17.43

АҚШ-тың Экономикалық Бастамалар қоры (EFI) және Чехиядағы The Institute of Economics Education ұйымы өткізетін жыл сайынғы білім сайысына Қазақстаннан NIS шәкірттері ғана қатысты.

Биыл алғаш рет пилоттық форматта өткен олимпиадада үздік қатарынан табылған Нұрдәулет Словакия астанасы Братиславияға аттанып, әлемдік деңгейде сынға түспек.

– Бұл олимпиадаға өте білімді оқушылар қатысты. Сондай ортада оза шапқандардың бірі болғаныма қуанып отырмын. Тапсырмалар қатты қиын болды деп айта алмаймын. Жетекшіммен бірге жүргізген әзірлігім жемісін берді, – дейді жас экономист.

Мөлдір Латифова,
Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы
zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале