31.05.2023, 12:30
Оқылды: 78

NIS түлектері мен оқушылары зияткерлігін шыңдады

Мектеп түлектері мен оқушылар байланысын нығайту, оқу жылының аяқталар алдында түлектер тарапынан қолдау көрсету және ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде NIS Challengе интеллектуалды ойынын өткізу дәстүрге айналған.

75238d11-328d-4d29-bd9b-f2798157e2b7

Биыл Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ravenclaw», «IQ elite», «At tegen ai», «Zamandastar», «Турбо», «Gryffindor», «School fairies», «7up», «Шаңырақ», «Nomad» атауларымен 10 команда зияткерлік қабілетін сынға салды.

Бір мектеп түлегі және алты оқушыдан құралған командалар 5 кезең бойынша сан алуан сұраққа жауап беріп, танымды тапсырмаларды орындады. Сауалдар жан-жақты құрастырылып, қатысушыларды терең ойға жетеледі. Жеңіске жақындаған командалар саны артып, тартысты ойын өрнегіне куә қылды.

ниш (2)

Нәтижесінде, «At tegen ai» командасы ІІІ орын, «Griffindor» командасы ІІ орынға лайық деп танылып, арнайы сыйлықтарға ие болды. «Ravenclaw» командасы ойын жеңімпазы атанып, 100 000 теңгелік сертификат иесі атанды.

Мектебін сағына келген түлектер жүрекжарды тілектерін білдіріп, ұйымдастыру алқасына әдемі көңіл күй үшін алғысын жеткізді.

ниш (1)

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі Alumni NIS – түлектер қауымдастығы ұйымдастырған шара жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп оқушыларына білімін пысықтауға мүмкіндік береді.

Мөлдір Латифова,

Орал қаласы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале