19.12.2020, 17:41
Оқылды: 54

«Nur Otan» партиясына үміткерлер «Проспект» сауда үйінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді

​Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламент Мәжілісіне өңірімізден үміткер ретінде тіркелген Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев және Сабира Сүндетова Орал қаласы, Н.Назарбаев атындағы даңғыл бойында орналасқан «Проспект» сауда үйінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді.

5d14cb97-6240-4173-a847-d1ab36e00861

Сауда үйі қызметкерлері және келушілермен жүздесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының бес жылдық сайлауалды бағдарламасы, ондағы жеті басым бағыттар туралы сөз қозғады. Депутаттыққа үміткерлермен кездескен қала тұрғындары алдағы сайлау науқанына міндетті түрде қатысып, өз таңдауларын жасайтындықтарын айтты.

​Аталған шараға қатысқан «Nur Otan» партиясының жас белсенділері сайлау туралы үнпарақтар таратты.

​«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале