Таеквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Чунчхонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: World Taekwondo / Olympic.kz
Спортшы 59 келіге дейінгі салмақта екінші орыннан көрінді.
Финалда ол Ираннан келген Айназ Насириге есе жіберді. Ал үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті.