Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлауды әзірлеу мен өткізу шеңберінде өңірлерге инспекциялық сапарларын жалғастыруда.
2-3 наурызда ол Батыс Қазақстан облысында болып, семинар-кеңес аясында аумақтық сайлау комиссиясының жұмысымен танысты, сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді және алдағы сайлауға дайындық бойынша аумақтық мемлекеттік органдармен кеңес өткізді. Сондай-ақ сапарға Ортсайлауком мүшесі Шавқат Өтемісов және ОСК аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Сапардың бірінші күнін Нұрлан Әбдіров Орал қаласында учаскелік, облыстық және қалалық округтік комиссияларға барудан бастады, онда ағымдағы сайлау науқанын ұйымдастыру барысымен танысты.
Содан кейін Ортсайлауком Төрағасы Байтерек ауданындағы учаскелік сайлау және округтік комиссияларға барды.
Дауыс беру күніне учаскелердің дайындығына және азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дауыс беруі үшін қажетті жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.
Кейбір учаскелерде учаскелік комиссия мүшелеріне ОСК Төрағасы дауыс беруге арналған үй-жайларда комиссия мүшелерінің үстелдерін және қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған орындарды орналастыру бойынша нақты ұсыныстар берді. Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров комиссиялардың назарын дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санау рәсімі кезінде қоғамдық бірлестіктердің, халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдеріне қажетті шолуды қамтамасыз етудің маңыздылығына аударды.
Сонымен қатар Ортсайлауком басшысы алдағы сайлауда дауыс беру бюллетеньдерінің саны кемінде екі есе артатынын атап өтіп, дауыс беру жәшіктерінің сапасына баса назар аударды, сондықтан бұл аспект те маңызды.
Нұрлан Мәжитұлы сондай-ақ комиссия мүшелерінің назарын дауыс беру күні сайлау учаскелеріндегі мінез-құлық ережелерін міндетті түрде білуге және сайлау процесіне қатысушылардың барлығы, соның ішінде байқаушылар, кандидаттардың сенім білдірілген адамдары мен БАҚ дауыс беруге арналған үй-жайға келген сәттен бастап осы ережелердің мазмұнымен міндетті түрде танысу керек.
Сайлау учаскелерінің бірінде ОСК басшысына «Электрондық үкімет порталында» азаматтарды тіркеу орнының деректерін тексеру бойынша онлайн-сервистің жұмысы айқын көрсетілді.
Кездесулер барысында ОСК Төрағасы комиссия мүшелерінен ағымдағы сайлау науқанында депутаттыққа кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңдерінде қандай проблемалық мәселелерге тап болғанын, осы науқанның барлық заңнамалық жаңалықтары мен ерекшеліктерін түсіндірді, сондай-ақ комиссиялардың барлық мүшелерін үздіксіз және сапалы оқыту қажеттілігіне назар аударып, дауыс беру күніне дейін тиісті сертификат алу арқылы аяқталуы тиіс екеніне ерекше тоқталды.
Нұрлан Әбдіров комиссия мүшелерін сайлауалды бағдарламалары мен уәделерін орындамауына байланысты депутаттардың мандатын қайтарып алуға сайлаушылардың құқығы бар екендігіне дайын болуға шақырды. Мұндай жағдайларда заңға сәйкес жаңа сайлау тағайындалады, сондықтан аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы тұрақты сипатқа ие болады.
Іс-шараның екінші күні Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың, облыстық прокуратураның, полиция, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерінің, кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдерінің, ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі ұзақ мерзімді Миссиясының мүшелері Томас Холцер (Швейцария) және Елена Баландинаның (Ресей Федерациясы), сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Кіріспе сөзінде Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров ағымдағы сайлау науқанының маңыздылығы мен ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып, сайлау туралы заңнаманың новеллаларын атап өтті, саяси партиялар мен бірмандаттық кандидаттардың тізімдерін ұсыну және тіркеу кезеңдерінің негізгі қорытындылары туралы айтты.
Кеңес барысында ОСК Төрағасы сайлаушылар тізімі, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау, сайлау бюллетеньдерін учаскелерге уақтылы жеткізу және басқа да маңызды мәселелер бойынша өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептерді тыңдады.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов отырысқа қатысушыларды сайлау инфрақұрылымының дайындығы және азаматтарды ақпараттандыру мәселелері бойынша хабардар етті.
Атап айтқанда, ол облыста 689 сайлау комиссиясы, оның ішінде 14 аумақтық, 171 округтік және 504 учаскелік комиссия жұмыс істейтінін хабарлады. Аймақ бойынша тізімдегі сайлаушылар саны 442 350 адамды құрады.
Сайлаушыларды ақпараттандыру үшін Call-орталықтардың жұмысы ұйымдастырылды, «Smart Uralsk» мобильді қосымшасы әзірленді, сондай-ақ азаматтар сайлаушылар тізімінде өздерін тексеріп, барлық қажетті ақпаратты ала алатын телеграмм-бот жұмыс істейді.
Ол сондай-ақ аймақта үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін 541 орын және кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін 262 орын белгіленгенін атап өтті.
ОСК Төрағасы облыс әкімінің орынбасарының назарын дауыс беру күні ауа райы қолайсыз болған жағдайда (қар, көктайғақ және т.б.) азаматтар үшін жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігіне, сондай-ақ сайлау учаскелерін үздіксіз жылумен, электрмен жабдықтауға аударды.
БҚО аумақтық сайлау комиссиясының Төрағасы Ғайса Қапақов өңірде 504 сайлау учаскесі бар екенін хабарлады. 689 сайлау комиссиясы, оның ішінде 171 аудандық сайлау комиссиясы, 14 аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істейді.
Азаматтарды ақпараттандыру мақсатында сайлау туралы 200-ден астам баннер орнатылды, 8000-нан астам ынталандырушы плакаттар басылды. Сайлаушылар тізіміне енгізілген әрбір тұрғынға (442 350 адам) сайлауға жеке шақырулар дайындалды, олар 4 наурыздан бастап тапсырыла бастайды.
Ғайса Қапақов облыста 2182 мүгедектігі бар адамдарға сайлау учаскелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету кезінде ерекше назар аударылғанын баяндады. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері арбаға байланған 493 адаммен, көру қабілетінің жоғалуымен 1336 және есту қабілетінің жоғалуымен 353 адамдармен жеке байланыс орнатты. Дауыс беру орындары олардың қажеттіліктеріне толығымен сәйкес келеді.
Осы тақырыпты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Көшкінбаев толықтырды, ол дауыс беру күні көру функциялары бұзылған немесе көру қабілеті толық жоғалған адамдарға сайлау бюллетенін толтыру тәртібінің аудио нұсқасы, сайлау бойынша ақпаратты тыңдау, қосымша жарықтандыру және оптикалық түзету құралдары (лупа) қамтамасыз етілетінін хабарлады.
Кресло-арбаны пайдаланатын сайлаушылар үшін жасырын дауыс беруге және жүріп-тұруға арналған кабиналардың ыңғайлылығы, сондай-ақ ақпараттық материалдармен танысудың қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады. Сөйлеу немесе есту қабілеті бұзылған адамдар үшін дыбыс күшейткіші мен құлаққап орнатылады.
Сондай-ақ сурдоаудармашылардың қызметтері, оның ішінде онлайн режимінде көзделеді. Облыста сайлау күні міндетті түрде «Инватакси» қызметі жұмыс істейтін болады.
ОСК Төрағасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау органдарына 1, 2 топтағы мүгедектерге және егде жастағы адамдарға ерекше назар аударып, олар үшін барлық қажетті жағдайларды дайындауы қажет екенін атап өтті.
Дауыс беру күні облыста құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрмұқан Жалғасов баяндады. Ол сайлауды әзірлеу мен өткізу кезінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылатынын хабарлады.
Полиция департаментінің өкіліне сөйлеген сөзінде Нұрлан Әбдіров дауыс беру күні полиция қызметкерлері учаскеде УСК төрағасының шақыруынсыз болмауы тиіс екенін атап өтті, сондай-ақ сайлау бюллетеньдерін қорғауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ кеңес аясында облыс прокуроры Серік Шалабаев сөз сөйлеп, сайлау процесіне қатысушылардың барлығының заңнаманы сақтауын қадағалауды жүзеге асырғаны туралы хабардар етті.
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров жиналысты жаба отырып, өңірдегі сайлау процесінің барлық қатысушыларын заң талаптарына сәйкес ашық және әділ сайлау өткізуге бар күш-жігерін жұмсауға шақырды.
Учаскелік комиссия мүшелерімен кездесу аясында «Дауыс беру күні» іскерлік ойынын қолдана отырып, комиссия мүшелерін даярлау бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренингтің мақсаты - сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс берудің барлық рәсімдерін сапалы меңгеру, сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен, есептен шығару куәліктерімен, азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерімен жұмыс істеудің, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдыларын игеру.
Екі күндік семинар-кеңестің қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларына учаскелерді ақпараттық-техникалық жарақтандыру, олардың азаматтар үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі мен ыңғайлылығы, дауыс беру күні тиімді байқау үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осы мәселелердің барлығы Ортсайлаком бақылауында болады.
ҚР ОСК