19.02.2024, 14:30
Оқылды: 20

Нью-Йорктегі сән көрсетілімінде қазақы нақыштағы киім үлгілері таныстырылды

Қазақ дизайнері Анелия Әлім «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрмесіне ұлттық дизайндағы өнімдерін ұсынды.

822970b0-9559-474e-b301-208506280490

Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымы ашылуында қазақстандық дизайнердің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, іс-шарада Қазақстанның Әнұраны шырқалды.

be50bee9-c119-4d83-8683-4460b65dd9b1

Фотолар: kaz.inform.kz

Танымал дизайнерлер мен сән әлемінің өкілдері қатысатын іс-шарада АҚШ-та тұрып жатқан қазақ дизайнері, кәсіпкер Анелия Әлім ұлттық нақыштағы топтама ұсынды.

Ал кәсіби эстрада-джаз әншісі Гүлзар Ғабдрахман Қазақстанның Әнұранын шырқады.

«Ұйымдастырушылар «New York, New York» әні мен еліміздің Әнұранын орындауымды сұрап, арнайы шақырту жіберді. Азуын айға білеген АҚШ-та, Нью-Йорк қаласының төрінде қазақтың әнін шырқау және мәдениетін көрсету – мен үшін үлкен мәртебе болды», - дейді Гүлзар Ғабдрахман.

kaz.inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале