6.10.2024, 10:41
Оқылды: 125

Бәйтеректе шекарашылар дауыс берді

Бәйтерек ауданы бойынша бүгінгі референдумда өз таңдауын жасаушылар қатары қалың. Шекара шебінде орналасқан Шалғай ауылындағы №167 референдум учаскесіне шекара күзеті қызметінде жүрген «Шалқар» шекара бекетінің 24 сарбазы келіп дауыс берді. 

IMG-20241006-WA0146

Араларында Данияр Қалабаев есімді сарбаз алғаш дауыс беруге келіп пікір білдірді.

«Қызметте жүрсек те, ел болашағы үшін таңдау жасар сәтте азаматтық ұстанымымызды білдірдік. Маңызды шешімді ел болып қабылдау үрдісі әлемде сирек болатын жағдай. Мен дауыс беру құқығымды осындай референдумда білдіргеніме қуаныштымын», - деген сарбаз ел тыныштығын тіледі.

Нұрлан Төлегенұлы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале