28.03.2024, 8:35
Оқылды: 53

Облыс әкімі апатқа қарсы жедел штабтың отырысын өткізді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданындағы су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмысқа басшылық етіп, төтенше жағдайлар қызметімен бірге атқарылып жатқан жұмысты бақылады.

InShot_20240328_085630465

27 наурыз күні Сырым ауданында су деңгейі артып, елді мекендерді тасқын су басты.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төтенше жағдай болған Сырым ауданына жол тартып, суға кеткен ауылдық елді мекен тұрғындарыдың қауіпсіз жерге көшірілуін қадағалады. Сондай-ақ Сырым ауданы аумағында апатқа қарсы жедел штабтың отырысын өткізді.

Өңір басшысы түні бойы Төтенше жағдайлар министрімен байланыста болып, басқа облыстардан қосымша техникалар мен күштердің Батыс Қазақстандағы су тасқынының алдын алуға бағытталуын қамтамасыз етті.

Жергілікті сағат таңғы 5.00-ге дейін барлық жұмыстың жүргізілуін толықтай қадағалады.

Нариман Төреғалиев аудан орталығындағы су деңгейінің түскеніне көз жеткізген соң, Қаратөбе ауданындағы апаттық жағдайды бақылауға жол тартты.

Қосымша ақпарат хабарланады.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале