13.12.2017, 12:06
Оқылды: 31

Облыс әкімі ардагерлермен алдағы жұмыстар туралы ой бөлісті

AE3I5894Облыс әкімі Алтай Көлгінов облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов пен 80 жасқа толып жатқан еңбек ардагерлері Нұрлан Ізтілеуов, Сағи Алдыбергеновтермен кездесті.

Ардагерлерді қоғамдық өмірге араластыра отырып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру – негізгі мақсат. Осы тұрғыда биыл бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ,  облыстық «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Жүз нақты көмек» және т.б. шара жүзеге асты. Оған жергілікті атқарушы орган, бизнес өкілдері, әлеуметтік қызметкерлер және студент жастар белсенді қатысқан болатын. Биыл ҚР Ардагерлер қозғалысының 30 жылдық мерейтойы өңірімізде де кеңінен аталып өтті.

Кездесуде облыс әкімі еңбек ардагерлерімен атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылы бірлесе жүзеге асыратын жобалар бойынша кеңесті. Сонымен қатар А.Көлгінов еңбек ардагерлерін мерейлі жастарымен құттықтап, өңіріміздің экономикалық өрлеуіне қосқан еңбектері үшін алғыс білдірді. «Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында келіп жатқан 80 жас мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Азаттығымыздың алғашқы жылдарында аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Бейбіт еліміздің тұрақты дамуының арқасында бүгінде бейнетті жылдарыңыздың зейнетін көріп отырсыздар. Отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді облыс әкімі.

Ардагерлер мемлекеттің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, нақты қолдауларға алғыс білдірді.  Сондай-ақ  облыста ауылшаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды, қала мектептері мен ауылдағы білім ошақтарының арасындағы айырмашылықтарды жою туралы бастамаларды қолдап, өңір дамуына оң бағаларын берді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале