19.12.2022, 9:30
Оқылды: 107

Облыс әкімі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Кеше облыс әкімі Нариман Төреғалиев "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде тұратын балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

-1325993555 (1)

Өңір басшысы балалар үйі түлектерінің тұрмыс жағдайына ерекше назар аударды. Облыс әкімімен кездесу барысында тәрбиеленушілер түрлі сұрақтар қойды.

-2061482024 (1)

Барлық сұрақтарға жауап берген Н. Төреғалиев тәрбиеленушілермен тұрғын үй мәселесін шешу, тұрғын үй сертификатын алу жолдарын талқылады, сондай-ақ "2-10-20 "Бақытты отбасы" бағдарламасына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды енгізу туралы әңгімеледі.

-1575779827 (1)

Облыс әкімі жасөспірімдер үйінің үш қабатты ғимаратына алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлады. Жаңа жоба бойынша асүй, жуынатын бөлмелер қарастырылып, тәрбиеленушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалмақ. Жөндеу жұмыстарына дейін орналасқан тұрғындар, жөндеуден кейін үйге қайта оралатын болады.

Н.Төреғалиев хабарлағандай, аумақта спорт және балалар алаңдарын салу жоспарлануда. Өңір басшысы тәрбиеленушілерді жөндеуден кейін үйге ұқыпты қарауға және абаттандырылған аулада тазалықты сақтауға шақырды.

-972522857 (1)

Нариман Төреғалиев "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінің барлық мәселелерін жеке бақылауға алды.

 Дереккөз: batys.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале