18.01.2019, 17:29
Оқылды: 22

Облыс әкімнің бірінші орынбасары ауысты

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов облыс активiнде облыс әкімінің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды.

tagaiyndau

         «Өңір-орталық» ротация негізінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне ауысты.

         Облыс әкімі Алтай Көлгінов бұрынғы облыс әкімінің бірінші орынбасарының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы жемісті жұмысын атап өтіп, жаңа қызметте табыс тіледі.

         Ал Игорь Стексов облысты өркендтеуге бағытталған жұмысты бірлесіп атқарғаны үшін алғысын білдірді.

         ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Нәжімеденұлы Исқалиев тағайындалды.

         Ғали Нәжімеденұлы – 1970 жылы туған.

          Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

         Әр жылдары:

         - «Банк ТуранАлем» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры.

         - БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры.

         - «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы.

         -  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

         - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.

         Осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігі қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы болды.

БҚО-ның баспасөз қызметі,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале