16.07.2020, 18:03
Оқылды: 30

Облыс орталығында тағы бір провизорлық стационар іске қосылды

Таяуда ғана өткен БҚО шұғыл штабының кезекті отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев: «Біздің аймақта жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Жұқпалы және провизорлық стационарларда 1100-ден астам адам бар. Басты күш әсіресе Орал қаласына түсіп отыр. Болжам бойынша, ауруханаларда орын болмауы әбден мүмкін. Сол себепті жекеменшік компанияларда жабдықталған ғимараттарда провизорлық стационарлар ашу керек, - деген болатын.

1136B902-7C23-4897-B4D3-E29B99AC0864

Облыс орталығы Орал қаласындағы 150 орынға есептелген провизорлық стационар облыстық көпбейінді аурухана базасында жақында салынған 2 корпуста ашылды.

Провизорлық стационарда қарқынды терапия палаталары, арнайы мониторлар, 21 өкпені жасанды желдету аппараты, көлемі 7 және 8 литр болатын Бобров аппараттары енгізілген 40-тан астам оттегі концентраторлары бар.

Бұл концентраторлар оттегіні өндіру және ӨЖЖ аппаратына қосылу арқылы пациентті оттегімен әртүрлі пайыздық қатынастарында қамтамасыз ете алады.

Стационарда тамақтану мен емдеу жүйесі толығымен оңтайландырылған, қажетті дәретханалармен және үздіксіз сумен қамтамасыз етілген. Науқастарға барлық жағдай жасалған жаңа корпус алғашқы науқастарды қабылдауда.

Айта кету керек, 150 орынға есептелген провизорлық стационар коронавириус инфекциясының алдын алуда дәрігерлік көмекке жүгінген облыстағы емделуші тұрғындардың денсаулығын жақсартуда маңызды рөл атқармақ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале