27.11.2024, 20:00
Оқылды: 25

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешімі негізінде облыс әкімінің өкіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына Нұрғиса Қамашев тағайындалды, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

photo-output

Нұрғиса Мәлікұлы 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

  • «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» ЖМ Атырау облыстық филиалы басшысының орынбасары, кейін басшысы, «Темірбанк» АҚ проблемалық несиелермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы,
  • Атырау облысы Индер аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы,
  • Орал қаласы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының жалпы мәселелер жөніндегі көмекшісі,
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Дариян селолық округі бойынша бөлімінің бастығы,
  • «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мониторинг және мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау қызметінің басшысы-бас маманы,
  • «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мониторинг және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау қызметінің басшысы, «Қазпочта» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары,
  • Атырау қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары,
  • Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары,

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры лауазымдарында қызмет еткен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале