Облыстық қоғамдық штаб мүшелері “Uniserv” орталығында болып, медицина саласының қызметкерлерімен кездесіп, Президентікке ұсынылып отырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кездесу барысында Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа ұсынып отырған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасының ерекшеліктері айтылды.
Алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Әрбір азамат біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі. Сондықтан, осы саяси науқанға халқымыз белсенді түрде қатысуы маңызды.
Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық штабтың баспасөз қызметі