6.08.2020, 20:47
Оқылды: 46

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған интернатында вебинар өтті

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған интернатында сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге арналған қашықтықтан тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытында вебинар өтті.

0A0368E3-8298-47A5-9650-D4DEEFDD817E

Вебинарда жеке тұлғаны дамытуға бағытталған тәрбие жоспарын тиімді ұйымдастыру бойынша ойлар ортаға салынды.

- Қашықтықтан оқыту кезінде де оқушының шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды ақсатып алмауымыз қажет. Қашықтықтан білім алу кезінде балалардың ұялы телефонды ретімен пайдалану, күн тәртібін реттеу, уақытты үнемді пайдалану дағдыларын қалыптастыру үшін сынып жетекшілері мен тәрбиешілер ата-аналармен бірлесе түсінік жұмыстарын жүргізу қажет, - дейді облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айболат Қожанғалиев.

Вебинар аясында Google-дың мүмкіндіктерін пайдала отырып жоспарлау, мәліметтер алмасудың қосымша сервистері түсіндірілді.

Тәрбие сағаттарын пайдалы қызықты қосымшалар арқылы түрлендіріп өткізу, оқушылардың қызығушылықтарын ояту бағытындағы мультимедиялық қосымшаларға шолу жасалынды.

Сынып жетекшілерге үйде отырған оқушының тұлғалық дамуына, оның бойында жаңа әдеттердің қалыптасуына, жауапкершілік дағдыларының күшеюіне ата-аналармен бірлесе әсер ету, ол үшін үнемі ізденісте, белсенді, шығармашылыл болу қажеттілігі айтылды.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале