12.05.2021, 18:11
Оқылды: 44

 Облыстық штабтың отырысы өтті

 Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің төрағалығымен індетке қарсы облыстық штабтың отырысы болды.

F77E33B4-B543-48C1-B3F1-3C97495BDE4C

– Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлының Нұр-Сұлтан қаласына жолсапарға кетуіне байланысты жиынды өткізіп отырмын. Облыс бойынша аурудың сәл-пәл болса да азаюына мамыр айындағы демалыстардың көп болуы әсерін тигізді. Індет сенбі, жексенбі күндері сирейді де, дүйсенбі, сейсенбі күндері көбейеді. Біздің облыстың қызыл аймақта тұрғанына жақында екі ай толады,- деді ол.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев 5 мамырдан 11 мамырға дейін 862 ауру тіркелгенін айтты.

318E79E5-B3C7-4A65-8C30-81D47B137CFD

– Қазір 4 ауданда жылжымалы лабораториялар қолданылуда. Бұл жұмыстар одан әрі қарай жалғасады. Адамдарды егу жұмыстарын күшейтуіміз керек. Облыс тұрғындарының 60 пайызы вакцина алуы керек,- деді М.Арыспаев.

– Қазір облысымыз "қызыл" аймақта. Облыс бойынша үстіміздегі жыл басынан коронавирустық инфекциядан өлімнің 134 жағдайы тіркелді. Вакцинациялау жұмыстары басталғалы облысымызға барлығы 102200 доза вакцина жеткізілді. Бүгінгі күнге 1 компонентпен барлығы 58425 адам (75,8 пайыз) егілді,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков өз сөзінде.

256F1EBD-7498-4AB5-A4DE-B984293C468F

Штаб отырысында, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өңірлік филиалының директоры Нұржан Мақсотов «Ashug» мобильдік қосымшасын өңірімізде енгізудің жай-күйі туралы баяндады.

Н.Жапақов

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале