Оралдағы ММА федерациясының спорт залында жекпе-жек бойынша әлемдік және республикалық жарыстардың жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
БҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов өзінің құттықтау сөзінде облыстың және жалпы еліміздің намысын республикалық, халықаралық және әлемдік ареналарда қорғау – құрметті міндет, үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында республикада спортты дамытудың ерекше рөлін атап өтеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Өңірде де, жалпы елімізде де спортты дамыту және жастарды тәрбиелеу біздің ортақ міндетіміз болып табылады. Біздің облыс әртүрлі спорт түрлерінде атақты спортшыларымен танымал. Өткен 2021 жылы коронавирус індетіне байланысты шектеулерге қарамастан, спортшыларымыз республикалық және әлемдік ареналарда 1 076 медаль жеңіп алды, оның ішінде 352 алтын, 331 күміс және 393-і қола. Спорттың түрлері бойынша облыстың 14 спортшысы әлем чемпиондары атанды. БҚО спорт тарихында мұндай нәтижеге алғаш рет қол жеткізді. Осы жылдың 4 айында спорттың әр түрі бойынша республикалық және халықаралық ареналарда біздің облысымыздың спортшылары әр түрлі деңгейдегі 400-ден астам медаль жеңіп алды. БҚО полициясы қатарында әлемдік деңгейдегі спортта жетістіктерімен танымал спортшылар бар екенін мақтанышпен айтқым келеді. Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері полиция капитаны Екатерина Ларионова, Әлем чемпионатының 3 дүркін қола жүлдегері, самбо мен дзюдодан Әлем кубогының иегері полиция капитаны Бағдат Жарылғасов сияқты әлемдік деңгейдегі спортшыларымыз да полиция қатарында бар, - деді М.Аблазимов.
Федерация атынан ақшалай сыйлықтарды табыстау құрметіне БҚО ММА федерациясының құрметті президенті Махсудхан Аблазимов ие болды.
– БҚО ММА федерациясының құрметті президенті бола отырып, мен әрқашан біздің команда үшін жанкүйермін. Қысқа мерзім ішінде БҚО ММА мектебі еліміздің даңқын асырған көптеген чемпиондарды тәрбиелеп шығарды. Олардың арасында Әлем чемпиондары Карина Сисенова, Райана Ақдавлетова, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері Гүлназ Абдрахманова, Эльнара Бисенова, Нұрәділ Қайырберген, Самғат Шабдан бар. Ашық Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері Талғат Жиентаев пен Карина Сисенова. Сондай-ақ ҚР чемпиондары Карина Сисенова, Талғат Жиентаев, Эльнара Бисенова, Ардақ Бақытова, Әділбек Искендеров, Қадырбек Шинбаев, Гүлназ Абдрахманова, Райан Ақдавлетова, Әліби Теміртасовларды атап өтуге болады, - деді М.Аблазимов.
Ол сондай-ақ, полиция департаменті кез-келген уақытта өз Отаны мен халқын қорғауға дайын жас, ержүрек және жоғары атаққа лайықты қазақстандық полицейлерді қызметке қабылдауға дайын екенін атап өтті.
Өз құттықтау сөзінің соңында полиция департаментінің бастығы біздің спортшыларымыздың жетістіктері жаттықтырушылардың кәсіби жұмысының және палуандардың қажырлы еңбегінің керемет көрсеткіші екенін атап өтті. Осы спорт түрін дамытуға қосқан үлесі үшін ММА Федерациясының Президенті Армат Бисеновке, федерацияның атқарушы директоры Алмат Исентаевқа, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты Әсел Мырзахметоваға полиция басшысы өз алғысын білдірді.
БҚО ПД Баспасөз қызметі