Облыста жаңа 2021-2022 оқу жылына және күзгі-қысқы маусымға даярлық жұмыстары атқарылуда.
Мектептер желісі
2021-2022 оқу жылы қарсаңындағы болжамды мәлімет бойынша облыста 372 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс жасап, оларда 113 мыңнан астам оқушы, 5 жеке мектепте - 618, кешкі мектептерде - 243 оқушы білім алады.
Оқушылар контингентінің азайып, талапқа сай келмеуіне байланысты 6 бастауыш мектеп жабылады (Казталов ауданы Ащысай БМ, Бестерек БМ, Аққұрай БМ, Теректі ауданы Қоныссай БМ, Шыңғырлау Ұрысай БМ, Жаңақала ауданы Плантация БМ).
Оқушы санына байланысты 3 негізгі мектептер бастауыш мектеп болып қайта құрылады (Ақжайық ауданы И.Тайманов ат.НМ. және Қадырқұл НМ, Теректі ауданы Қызылжар НМ).
1-сыныпқа оқушыларды қабылдау
2021-2022 оқу жылы қарсаңында болжамды мәлімет бойынша 1-сыныпқа 11 202 оқушы қабылданды, құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 30 шілдесіне аяқталады. Мемлекеттік тілде – 7341, орыс тілінде 3861 оқушы білім алмақшы.
Оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету
Бүгінгі таңда облыс мектептеріндегі барлық компьютерлік техниканың ҚР БжҒМ талаптарына сәйкес келетіні 25 289 дананы құрайды.
Облыс бойынша 12198 әлеуметтік қорғалмаған отбасы балалары есепте тұр. Оның ішінде 519-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 3536-сы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, 8140-ы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, 3-уі төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар, 3084-і өзге де санаттағы балалар.
(Аңықтама: 2020 жылы білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатынан 14 970 дана және жергілікті бюджет есебінен 4 449 дана компьютерлік техникалар сатылып алынды.
Оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамту
2021 жылы жергілікті бюджеттен оқулықтарды сатып алу үшін 2852,5 млн.теңге, соның ішінде 36,5 млн.тенге оқулықтарды тасымалдау үшін бөлінді.
Облыс бойынша 1572494 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерге тапсырыс берілді, соның ішінде 356240 дана оқулық 1-ші сыныптар үшін.
Баспалармен келісімшарттар жасалып, оқулықтарды тасымалдаушы барлық аудандарда (қала) анықталды. Оқулықтарды тасымалдау тамыз айының 30-нда аяқталады.
Кадрлармен қамтамасыз ету
2021 жылы кадрларды жинақтау бойынша жүргізілген жұмыстарға қарамастан, оқу жылының аяғында педагогикалық кадрларға қажеттілік 388 педагогті құрады. Әсіресе математика, қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті, физика, химия және тарих пәні мұғалімдеріне қажеттілік бар. Қазіргі уақытта 46 маман жұмысқа қабылданды. Мамандарды қабылдау тамыз айының соңына дейін жүргізілетін болады. Жас мамандарды қабылдау ағымдағы жылдың тамыз айыннан басталады.
Жергілікті бюджет есебінен жоғары білім алуға грант беру туралы Биылғы жылы қажетті мамандармен қамтамасыз ету үшін 94 грант бөлінді.
БҚО білім басқармасымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес 2021-2022 оқу жылында жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланды.
«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 маусымдағы №345 қаулысының 25-тармағына сәйкес білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 5 – 10 тамыз аралығында қабылданады.
Кәсіптік және техникалық білім ұйымдарына оқушыларды қабылдау
2021-2022 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс 57 мамандықтың 77 біліктілігіне 3512 (2552-і жұмысшы кәсіптер, 960-і орта буын мамандықтары) адамды 32 мекемеге қабылдау жоспарланды.
2021 жылғы 28 шілдедегі мәлімет бойынша колледждерге 4322 адам оқуға құжаттарын тапсырды.
Білім беру саласы қызметкерлерінің екпе алуы бойынша
2021 жылдың наурыз айынан бастап педагог қызметкерлерді вакцинациялау басталды.
Облыс бойынша білім саласындағы 35879 қызметкердің 25 182-і, ковидқа қарсы екпе алды, 81,8%-ды құрайды. Сонымен қатар 4061-де (11,3%) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, 1051-і (2,9%) ковидпен ауырып, екпе алуы кейінге қалдырылғандар. Ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін 100 пайыз екпе алуыжоспарлануда.
Күрделі жөндеу жұмыстары
2021 жылы 11 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізуге 2 094,8 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде, 1 нысан ағымдағы жылдың наурыз айында пайдалануға берілді (Бәйтерек ауданы Дариян ЖОББМ, 9,429 млн. теңг).
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджет есебінен 980,5 млн.теңге сомасына 3 білім беру нысаны бойынша күрделі жөндеу жұмыстары басталды (Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ Ақжайық ауданы, Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ Қазталов ауданы, Аңқаты ЖОББМ Теректі ауданы).
Жергілікті бюджет есебінен 8 білім беру нысанына 1 114,3 млн.теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілуде.
Оқу жылының басталуына дейін Бөрлі ауданы Ақсай қаласының 2 мектебінде күрделі жөндеу аяқталып, іске қосылады (№№3, 4 ЖОББМ).
Жыл соңына дейін 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып іске қосу жоспарлануда:
- Казталов ауданы Талдықұдық ауылындағы Есетов атындағы ЖОББМ, оқушылар контингенті - 114. (1-сынып оқушыларының оқу процесі Мәдениет үйінің ғимаратында, 2-11 сынып оқушылары екі ауысымда ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратында ұйымдастырылады);
- Теректі ауданы Аңқаты ауылындағы Аңқаты ЖОББМ, оқушылар контингенті -190. (Оқушыларды оқыту мектеп жанындағы интернаттың оқу корпусында ұйымдастырылады);
- Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ, оқушылар контингенті -175. (Оқушыларды оқыту Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің оқу корпусында ұйымдастырылады);
- Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан ат.ЖОББМ, оқушылар контингенті – 467. (Оқушыларды оқыту мектеп жанындағы интернатында, 1 корпусында 1-4 сыныптар, 5-11 сыныптар 2 корпуста).
2022 жылдың 1 наурызына дейін Қазталов ауданы Жалпақтал ауылындағы Ғ.Молдашев атындағы орта мектепті пайдалануға беру жоспарлануда, оқушылар контингенті - 489 (Оқушыларды 1-4 сыныптар бойынша К.Мендалиев ат.ЖОББМ-нің ғимаратында, балалар өнер мектебінің бұрынғы ғимаратында 5-8 сыныптар, колледж ғимаратында 9-11 сыныптар, және өнер мектебінде мектепалды даярлықтың 3 сыныптарын оқыту ұйымдастырылады).
Техникалық білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жұмыстары:
Жөндеу жұмыстары 3 колледжде жүргізілуде:
- Жоғары педагогикалық колледжі МКҚК: "ЮГ РЕМ СТРОЙ" ЖШС-мен 232,850 млн. теңге сомасына шарт жасалды;
- Батыс Қазақстан индустриалды колледжі МКҚК: 95% жұмыс аяқталды;
- Ақсай техникалық колледжі МКҚК-күрделі жөндеуге 100,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Отынмен қамту жұмыстары
Білім мекемелерін күзгі және қысқы мезгілінде жылыту үшін қажетті 2242 тонна көмір, 21077 м3 газ және 262 тонна сұйық отын сатып алу үшін 359,0 млн.теңге сомасына шарттар жасалды. Бүгінгі таңда көмір мен сұйық отын толық жеткізілді.