23.12.2016, 13:03
Оқылды: 74

Облысымызда 50 елді мекен ауыз сумен қамтылады

su-50-auil Облысымыздың 50-ге жуық елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтылатын болды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 5 миллиард 700 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген.

   Облыстағы 11 ауылға көгілдір отын жеткізілетіні де - жыл соңындағы жағымды жаңалықтың бірі. Бұл туралы Ақжайық ауданы тұрғындарымен кездескен өңір басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті. Әрқайсысында мыңнан астам тұрғыны бар Базаршолан, Қабыршақты, Ақсуат және Атамекен ауылдарының тұрғындары үшін бұл зор қуаныш. Сонымен бірге осы ауданға қарасты 6 ауылда жол жөндеу жұмыстары басталады. «Бұл игі қадам ана мен бала денсаулығының жақсаруына, өмір сапасының артуына оң ықпал етері сөзсіз», - дейді тұрғындар.

Ауылдықтар жайылымдық жерлерге тіршілік нәрін жеткізу мәселесін де алға тартты. Мәселен, «Азнабай-Тайпақ» суландыру жүйесі қалпына келтірілсе, аймақта мал басы артады.

 Ғизат Ихсан, Ақжайық ауданының тұрғыны:

- Кезінде сол «Азнабай-Тайпақта» жылына 250-300 мың центнер мал азығы дайындалды. Қазір мына Қособада анау 6 қақпаны жөндеді. Бірақ бер жағынан «аяқ» су қоймасы деген 1,5 миллион текше метр су сақталатын су қоймасы. Осыны күрделі жөндеуден өткізсе, бүкіл мына Ақжайық өңірінің сол жақ бетіндегі ауылдар игілікке бөленеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале