Үкімет «ӨКМ операторына» қатысты қаулы қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 2022 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады.
Құжатқа сәйкес «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды. «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ орындайтын болды.
15:1910.03.2022
Экология министрі утиль алымның жұмсалуына қатысты деректер ашық болады деді
11:3923.02.2022
Қазақстанда утиль алымы бойынша ғылыми зерттеу жүргізу ұсынылды
15:1522.02.2022
Утилизация алымының өзгеруі көлік бағасын арзандатпайды – Қайырбек Өскенбаев
16:2019.02.2022
"Көк" статусты адамдар үшін кейбір шектеулер алынды
23.02.2022, 11:39
19.02.2022, 16:20