15.05.2024, 9:15
Оқылды: 66

Оқу-ағарту министрі өңірлердегі психологиялық қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырды

ҚР оқу-ағарту министрі өңірлердегі психологиялық қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі жазды.

IMG_20240515_084102_205

Фото: t.me/oqu_agartu

Павлодар және Жамбыл облыстарындағы оқыс оқиғалар бүгін облыс әкімдерінің орынбасарлары, полиция департаменттері, білім басқармалары, аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйым басшыларының қатысуымен өткен балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне арналған шұғыл кеңесте талқыланды.

Өз баяндамасында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова өткен жылдың басынан бастап Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру ұйымдарын техникалық қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыру бойынша жан-жақты жұмыс атқарғанын атап өтті. Нормативтік-құқықтық актілер, балаларды қорғау жөніндегі кешенді жоспар және буллингке қарсы бағдарлама қабылданды. Осыған дейін мектептерде психологиялық-педагогикалық жұмысты күшейту туралы мәселе бірнеше рет көтерілді, бірақ бұл жағымсыз жағдайлар жергілікті атқарушы органдардың тарапынан жіберілген олқылықтарды көрсетіп берді.

Оқиға болған мектептердегі және жалпы білім беру ұйымдарындағы жағдай мен қабылданған шаралар туралы Павлодар және Жамбыл облысы әкімдерінің орынбасарлары ақпарат берді.

Оқу-ағарту министрі психологиялық қызметтердің жұмысын күшейтудің және қалған сегіз өңірде оны ашуды жеделдетудің маңыздылығын атап өтті.

«Тағы да қайталаймын, балалардың қауіпсіздігі - біздің ортақ міндетіміз. Жағдайды біржақты бағалауға болмайды. Қазір өңірлердегі психологиялық қызметтердің жұмысын институционалды түрде күшейту қажет. Білім беру ұйымдарына мамандандырылған сапалы күзет қызметін қою керек. Балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жұмыстарын нәтижелі жүргізу маңызды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

 Ведомство басшысы мектепішілік бақылауды күшейтуге және әрбір мектепке учаскелік инспекторларды бекіту мәселесіне жеке тоқталды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аумақтық департаменттермен бірлесіп білім ошақтарында мектепішілік есепке алуды және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді сапалы қамтамасыз етуі қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале