Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Мичиган штаты университетінің өкілдерімен кездесті. Тараптар мектепке дейінгі, орта және инклюзивті білім беру педагогтерін даярлау және олардың балалармен жұмыс істеудегі рөлі жөніндегі мәселелерді талқылады.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі жазды.

Фото: telegram.orgМичиганнан келген делегация өздерінің білім саласындағы жобалары және зерттеулері туралы айтты. Бұл жобалар инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және білім беру мекемелері мен оқытушылар арасында серіктестік орнатуды қамтиды.
Тараптар педагогикалық ұжымның өсуі, сондай-ақ Қазақстанда инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу үшін бірге жұмыс жасап, тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.