21.02.2024, 16:15
Оқылды: 31

«Оқу-ағарту жүйесінде жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлауға және менеджментті күшейтуге басымдық беріледі»

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Мичиган штаты университетінің өкілдерімен кездесті. Тараптар мектепке дейінгі, орта және инклюзивті білім беру педагогтерін даярлау және олардың балалармен жұмыс істеудегі рөлі жөніндегі мәселелерді талқылады.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі жазды.

7ead6197-da10-4b0c-a477-1269ee58d0f3

🇺🇸Фото: telegram.org
Michigan State University білім беру және инженерия саласындағы пәндік рейтингтер бойынша АҚШ-тың үздік 10 университетінің қатарына кіреді. Ол білім беру саласында оқытушылар мен көшбасшыларды дайындауда үздік университеттердің бірі ретінде танылған.
«Оқу-ағарту жүйесінде жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлауға және менеджментті күшейтуге басымдық беріледі. Былтырдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде кәсіби көшбасшыларды іріктеу және оқыту бойынша «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы жүзеге асырылуда. Оның құрамына 208 үміткер кірді, олардың біразы бүгінде басшылық қызметке тағайындалды. Мұндай кездесулер білім беру жүйесін дамытуға және заманауи еңбек нарығының талаптарына жауап беретін кадрларды даярлауға ықпал етеді», - деді бірінші вице-министр.

Мичиганнан келген делегация өздерінің білім саласындағы жобалары және зерттеулері туралы айтты. Бұл жобалар инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және білім беру мекемелері мен оқытушылар арасында серіктестік орнатуды қамтиды.👩‍💻

 Тараптар педагогикалық ұжымның өсуі, сондай-ақ Қазақстанда инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу үшін бірге жұмыс жасап, тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале