13.02.2024, 16:30
Оқылды: 15

Оқуға көңіл бөлген Мұса кім?

Жаяу Мұсаның «Шорманның Мұстафасы атымды алып, атандым сол себептен Жаяу Мұса» дегенін елдің бәрі біледі десек, сол Мұстафаның ағасы Мұса Шорманов заманында оқыған, көзі қарақты қазақтардың бірі болған.

d53739fc-362e-407b-9c9f-1dedd6dd76b6

Фото: abai.kz

Баянауыл өңірінің тумасы Омбы қаласындағы әскери училищеде оқыған, орыс және француз тілдерін жетік білген Мұса замандастары Шоқан Уәлиханов және орыстың жазушысы Фёдор Достоевскиймен жақын таныстықта болған екен.

Заманында халқының фольклорын жинаумен айналысқан Мұса, сонымен қатар қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатты көңіл бөліп, әсіресе қазақ балаларының оқуына және халықтың білім алу мәселесіне аса белсене араласқандардың бірі.

Оның 1881 жылы Григорий Потанинге жазған хатында қазақтар арасына жылжымалы гимназиялар құру туралы ұсыныс жасағаны архив деректерінде жақсы сақталған деректердің бірі.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале