Оқушылар арасында тамақтан улану фактілерінің тіркелуін болдырмау мақсатында қоғамдық тамақтандыру қызметкерлеріне қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды мүлтіксіз орындау талап етіледі. Бұл туралы БҚО СЭБД басшысының орынбасары Гүлдана Кереева өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте баяндады, деп хабарлады аталған департаменттен.
Талаптың негізгілері:
• тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады
• асхананың ыдыстарын, үй-жайларын, тамақтанатын залды күнделікті тазалау, жуу және дезинфекциялау режимін сақтау қажет
• дайындалған тағамның сапасы күнделікті бағаланады, сондай-ақ дайындалған тамақ өнімдерінің әрбір партиясынан тәуліктік сынама алыну қажет
• мектеп асханасы қызметкерлері, педагогикалық және қызмет көрсетуші персонал жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау маңызды
• терінің іріңді аурулары, кесектері, күйіктері, жарасы бар мамандар жұмысқа жіберілмеуі керек
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығына өндірістік бақылауды жүргізу шарт