14.02.2017, 19:23
Оқылды: 37

Оқушылар жауынгер ағаларымен кездесті

Орал қаласындағы №46 жалпы білім беретін орта мектепте «От кешкен Ауғанстан ардагерлері» атты кездесу кеші өтті.          


Шара барысында көпшілік назарына  «Ауған елі», «Ауған соғысының ардагерлері» туралы бейнекөріністер ұсынылып, тарихи фактілер сарапталды.

Басқармада ұзақ жыл қызмет атқарып, зейнет демалысына шыққан қос жауынгер Болат Исеев пен Ерболат Қибатоллаұлы «Ауған ақиқаты» туралы әңгімелеп, қарулас жолдастары туралы кеңінен баяндады. Кездесу еркін пікір алмасу алаңына айналып, оқушылардың жауынгерлермен сұхбаттасуына мол мүмкіндік туды.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале