26.10.2022, 11:31
Оқылды: 62

«Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы Балалар жылы»

«Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру» символикалық атауын алған Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы Балалар жылы» атты XIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еліміздегі Балалар жылына орайластырылған басты шаралардың біріне айналғаны қисынға сай. Конференция делегаттарын Астана әкімі Алтай Көлгінов пен Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев қарсы алды.

МК-2022 (13)

Конференцияда 1500-ден астам қазақстандық мұғалімдер мен ғалымдар, сондай-ақ Финляндия, Ұлыбритания, Корея, Эстония, Ресей, Сингапур, Нидерланды, Жапония, АҚШ, Австралия, Португалия, Испания, Мальта және Болгария елдерінің белгілі педагогтері бас қосты. 2022 жылғы Халықаралық конференцияның басты мазмұндық сипаттамасы – қазіргі білім берудегі негізгі трендтерге тәжірибелік тұрғыдан назар аудару.

МК-2022 (19)

Астаналық форумның күн тәртібінде ақпараттық қоғам контекстіндегі функционалдық сауаттылық, жас мұғалімнің кәсіби дамуы, қалыптастырушы бағалау саласындағы инновациялар, мектепте жайлы орта құру, инклюзивті және дербестендірілген оқыту, цифрлық мұғалімнің миссиясы және білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу, сондай-ақ басқа да жаһандық педагогикада сұранысқа ие басымдықтар бар. Алғаш рет мектепке дейінгі білім беру мәселелері, соның ішінде, ең алдымен зерттеулердің сапасы және ұзақмерзімді әсерге арналған секциялық отырыстардың тұтас сериясы өтті. Сұранысқа ие секциялар қатарын балаларға қауіпсіз және жайлы орта – қала, ауыл, мектеп құруға бағытталған арнайы отырыстар толықтырды.

МК-2022 (3)

Сондай-ақ конференция аясында алғаш рет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың жас ата-аналармен кездесті.

Екінші күні Күләш Шәмшидинова Конгресс-орталыққа тікелей Ақордадан келді. Оған «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріліп, медальді Күләш Ноғатайқызына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.

Он жыл ішінде дәстүрлі NIS конференциясы әлемдік білім берудегі жаһандық трендтер бойынша стратегиялық шешімдердің талданатын және қабылданатын ең беделді халықаралық алаңдардың бірі ретінде танылды.

МК-2022 (22)

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы Балалар жылы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Астана қаласы әкімдігі, Bilim Media Group, «Aitas KZ» холдингі, «Fizmat Endowment Fund» қоғамдық қоры және «Базисный магазин» ЖШС-мен серіктестікте дайындалды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»

ДББҰ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале