Тегін көкөніс таратты
30 Шілде 2021

Тегін көкөніс таратты

Жаңа әкімдер таныстырылды
30 Шілде 2021

Жаңа әкімдер таныстырылды

Шикізат тапшы, жүктеме 20 пайыз
30 Шілде 2021

Шикізат тапшы, жүктеме 20 пайыз

Даулы баспананың дабырасы
29 Шілде 2021

Даулы баспананың дабырасы

Құс асырау да табыс көзі
29 Шілде 2021

Құс асырау да табыс көзі

«Коронавирус балалар арасында өршіп барады»
29 Шілде 2021

«Коронавирус балалар арасында өршіп барады»

14.05.2021, 9:24
Оқылды: 43
Ол күндер ұмытылмайды

Аудандық мәдениет үйінде Тәжік-ауған шекарасынан «Қазбат» батальонының шығарылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев сөз сөйлеп, осы шекарадағы әскери қақтығыста қаза тапқан жерлесіміз Радик Каймулдиевтің ата-анасымен бірге бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғысхатын табыс етті.

ауган тажик

Жиында Ақсай қаласынан арнайы келген ауған соғысының ардагері, Бөрлі ауданының құрметті азаматы Ж.Бектеміров пен жерлесіміз, ауған соғысының ардагері М.Дәулетқалиев, сонымен қатар «Тәжік-ауған шекарасындағы және әскери қақтығыстардағы соғыс қимылдарына қатысушы ардагерлер одағы» РҚБ филиалының төрағасы Ә.Ашурматов сөз сөйледі.

Тарихқа үңілсек, 1993-2001 жылдар аралығында сегіз жарым мың қазақстандық жауынгер аталмыш аймақтағы бітімгершілік операцияларына қатысып, біраз сарбаз қаза тапқан. Азаматтық борыштарын абыроймен атқарып, ата-баба ерлігін қайталаған қазақ  жауынгерлерінің ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ауданда «Шыңғырлау-Қазбат» қоғамдық ұйымы өз жұмысын бастады.

Кеш соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған тамаша концертке  ұласты.

 

Анар Ізмұқан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress