Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин команданың Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындығын жоғары бағалады, деп жазады Olympic.kz.
Фото: Olympic.kz
«Біз өте жақсы команда құрдық. Дайындығымыз жақсы. Мүмкіндігіміз де жоғары. Жан-жақтағы ойыншылар түгел жиналып жатыр.
Дайындықтың үш кезеңі жоспарланған. Қазір екіншісін өткеріп жатырмыз. Соңғысы Чехия мен Словакияда өтеді. Сол кезде команданың негізі жасақталады.
Әзірге айтарым, біздің мүмкіндігіміз бар», - деді Болякин.
Айта кетелік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчты Венгрияға қарсы өткізеді.