11.06.2024, 17:15
Оқылды: 66

Ольга Довгун: «Нысана көздеуден Олимпиадаға алғаш рет алты мерген барады. Бұл тарихи нәтиже»

Нысана көздеуден Ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун Олимпиадаға іріктеу кезеңін қорытындылады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

547DC373-98CF-4B45-8CBB-F35EEF944EBB

Бүгін команда сапында Парижге тағы бір мерген – Ирина Юнусметованың баратыны белгілі болды. Осымен спорттың бүл түрінде жолдама үлестіру аяқталды.

«Біз бұл жолдаманы алатынымызды білдік. Ирина осы жаттығуда тұрақты нәтиже көрсетті. Әлем Кубогының барлық кезеңіне қатысты. Бірнеше рет финалға шықты. Тағы бірнеше мәрте ақтық сынға бір табан жетпей тоқтады. Оның рейтингтегі негізгі қарсыласы аустриялық мергенге қайта үлестіру кезінде лицензия кіші колибрлі тапаншамен оқ атуда берілді. Ал Ирина пневматикалық тапаншамен нысана көздеуге алды. Рейтинг арқылы болғандықтан лицензия спортшының жеке өзіне тиесілі деген сөз. Яғни, осы жаттығуда Ирина Юнусметовадан басқа спортшыны апара алмаймыз. Осы Олимпиадаға іріктеу біз үшін тарихи көрсеткішпен есте қалды. Осыған дейін командада 6 лицензия болған емес», - деп айтты нысана көздеуден Ұлттық құраманың бас бапкері, 2 дүркін әлем чемпионы Ольга Довгун ТСМ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бұл еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі 9-шы лицензия. Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу); Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко (стенд ату) Парижге барар билетке иелік еткен. Осы қатарда Әсем Орынбай мен Ирина Юнусметованың лицензиясы жеке спортшының өзіне тиесілі.

Қалғаны федерацияға берілген квота екенін еске сала кетейік.

Ал жалпы Қазақстан еншісіндегі лицензия саны 67-ге жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале